АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Америкалық Скотт Дозьер түрме камерасында өзіне қол салды.
Ол 2007 жылы өлім жазасына кесіліп, содан бері түрмеде қажетті препаратты күтіп отырған, деп жазды 360° порталы.
Дозьер 2002 жылы адам өлтірген. Марқұм оған 12 мың доллар санап берген, ал Дозьер оған метамфетамин дайындауға арналған компонент жеткізуі тиіс болған. Алайда америкалық клиентін айуандықпен өлтіріп тастаған. Кейінірек ол бірнеше адамды өлтіргені анықталып, 2007 жылы өлім жазасына кесіледі.
CNN телеарнасының хабарлауынша, адвокаттар өз қорғауындағы адамның лайықты жазасын ертерек алғысы келгенін растады, алайда өлім жазасын орындауға қолданылатын дәрі Дозьерді азаптауы мүмкін еді дейді олар. Өйткені Невада штатында 2006 жылдан бері өлім жазасы қолданылмаған екен. Сол уақыттан бері жаңа қоспа бекітілген, ал оның салдары қандай болатынын әлі ешкім білмейтін көрінеді.