АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Бұл – жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін, жоғары гуманистік идеалдарға деген сенімді нығайтатын мейрам", — деп жазылған президенттің құттықтауында.
Елбасы атап өткендей, бұл күні қазақстандықтар бір-бірін басты рухани мерекелермен құттықтай отырып, әркімге түсінікті және әр адамның жанына жақын адами құндылықтардың тұтастығын танытады.
"Біздің азаматтарымыз бәрімізге ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім және басқа да көптеген маңызды жетістіктерімізді мақтан ете алады. Бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда. Бәріңізге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!", — деп түйіндеген мемлекет басшысы.