Әлем

Қарағандыдағы қанды оқиға: Армения сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан мен Армения тарапы Қарағандыдағы төбелестің тұрмыстық деңгейде болғанына сенімді
Sputnik

АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Арменияның сыртқы істер министрлігі жаңа жыл түнінде Қарағандыдағы мейрамханада болған қанды оқиғаға қатысты пікір білдірді.

СІМ басшысының орынбасары Шаварш Кочарян Армения қоғамын арандатушыларға сенбеуге шақырды. Сондай-ақ, ол Арменияның Қазақстандағы елшілігінің осы жағдайға байланысты жергілікті билікпен тығыз байланыста екенін айтты. Бұдан өзге екі тараптың да бұл жағдайды ұлтаралық қақтығыспен байланыстырмайтынын жеткізді, деп хабарлайды .

"Мемлекеттің ресми позициясының қандай екеніне және бұл жағдайдың Қарағандыдағы армяндар үшін қаншалықты әсер ететіне қарамастан, Арменияда әртүрлі мазмұндағы мәлімдеме жасалып жатыр", — деді Кочарян.

Сондай-ақ, Қазақстан билігі жалған ақпарат таратпауға шақырып отырғанын қосты.

Қарағандыдағы қанды оқиға: полиция ұлтаралық алауыздық туралы іс қозғады
Қарағандыдағы мейрамхана маңындағы кісі өлімі

Жаңа жыл түнінде Қарағандыдағы мейрамхана қонақтары төбелес шығарады. Жанжал кезінде 23 жастағы жігіт көз жұмды. Полиция төбелеске қатысы бар жеті адамды ұстап, олардың бесеуін қамауға алды. Тағы бір адам халықаралық іздеуде.

Әлеуметтік желіде кикілжіңнің ұлтаралық қақтығыс салдарынан туғаны туралы жазылды. Прокуратура мұны жоққа шығарып, вконтакте желісі арқылы арандатушылық жазбалар бөліскендердің жазаланатынын хабарлады.

Қарағанды облысындағы армян диаспорасы ресми мәлімдеме жариялап, марқұмның отбасынан кешірім сұрады. Диаспора өкілдері қылмыскерлердің қай ұлттың адамы екеніне қарамастан, жазаға тартылуы керектігін атап өтті. Армения елшілігіндегілер Қарағандыдағы кісі өліміне ұлтаралық жанжалды араластырудың қажеті жоқ екенін айтты.

6 қаңтар күні Қарағандыдағы полиция департаменті ғимаратының алдына екі жүзге жуық адам жиналды. Облыс әкімі Ерлан Қошанов осы жағдайға қатысты тергеу жұмыстарының ашық жүргізілетінін мәлімдеді.

Әкімдіктегілер Қазақстанда жалған ақпарат таратқандар 5 000 АЕК көлеміндегі (12 625 000 теңге, 33 581 доллар) айыппұлмен жазаланатынын немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын еске салды.