Өңірлер

Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Үш өңірде ауа райына байланысты синоптиктер ескерту жариялады
Sputnik

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Жамбыл облысында 8-9 қаңтарда оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. 8 қаңтарда таңертең және күндіз, 9 қаңтарда түнде жел секундына 23-28 метрге дейін соғады. Кейбір жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Тараз қаласында 8 қаңтарда таңертең және күндіз, 9 қаңтарда түнде желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады. Тұман түсуі мүмкін. 

"Қызылорда облысының Сырдария өзенінде сеңнің жүруіне байланысты өзен арнасы тарылып, су деңгейі көтеріліп, алқапқа шығуы мүмкін. Сонымен қатар, 7-8 қаңтар күндері Қызылорда облысында ауа-райының жылынуына байланысты жазық жерлерде еріген қар суы пайда болуы ықтимал", — деп хабарлады синоптиктер. 

Бұдан бөлек, Түркістан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты 8-9 қаңтарда тау бөктерінде ағын су пайда болуы мүмкін.