Әлем

Қыдырып келген 11 жасар бала әжесінің тамағының иісінен көз жұмды

Бастапқыда ата-анасы баланы өздері құтқарып қалмақ болған. Әрекеттері еш нәтиже бермеген соң жедел жәрдем шақырады
Sputnik

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Нью-Йорк қаласында әжесінің үйіне қонаққа барған 11 жастағы Кэмерон Жан-Пьер қайғылы жағдайда көз жұмды. Бұл туралы WNBC жазды.

Мас дәрігер толғағы қысқан әйел мен іштегі сәбиін өлтіріп алды
Кэмеронның асханада не істеп жүргені әлі анықталмады. Алайда ол тағамды жемесе де, иісінен тұншыға бастаған. Отбасы оны құтқарып қалуға тырысып аппараттың көмегіне жүгінеді.

Бала есінен танып құлаған соң ата-анасы жедел жәрдем шақыруды жөн көреді. Алайда кеш болып, дәрігерлер ауруханада баланың көз жұмғанын хабарлайды. Оның нақты неден өлгені сараптама қорытындыларынан кейін белгілі болады. Бірақ отбасы мүшелері оның өліміне балықтың иісі себеп болғанына сенімді. Өйткені, баланың балыққа аллергиясы болған. Ал балықты әжесі әзірлеген. Жергілікті полиция да осындай көзқараста.