Қоғам

Ер адам жылы аялдаманы неге сындырғанын түсіндірді

Ер адам тәртіп сақшыларына ашуға бой алдырып аялдама есігін теуіп жібергенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Астана полицейлері аялдаманы сындырған ер адамды ұстады.

Күні кеше полицейлер тұрғындардан Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан аялдаманың есігін сындарған бұзақы туралы хабар беруді сұраған еді.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 22 жастағы түркістандық азаматты қолға түсірді.

Ол ашуға бой алдырғандықтан, осындай әрекетке барғанын түсіндірді. 2 қаңтар күні қызын үйіне шығарып салып тұрып қатты ұрысып қалған екен. Сол жағдайдан кейін көпке дейін өзіне келе алмай, бар өшін есіктен алған.

Қазақстан астанасына өткен жылы 55 жылы аялдама орнатылды. Жылы аялдаманың орташа бағасы — 5 миллион теңге (13 мың доллардан асады).