АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Тамақтанатын жер мен көлік жуу бекеті қазір тұрған жеріне тұрғындардың рұқсатынсыз және тиісті құжаттарсыз салынған.
Алматылықтар заңсыз салынған құрылыс мәселесі бойынша бірнеше рет әкімдікке барған.
Мемлекеттік сәулет және қала құрылысы басқармасы заңсыз салынған кешенді сүру туралы сотқа шағым түсірді. Бірінші инстанция соты шағымды қанағаттандырмады. Алайда 2018 жылдың 28 мамырында қайта шағым түскеннен кейін сот объектіні сүру туралы шешім шығарды.
2019 жылдың 4 қаңтарында сүру жұмыстары жүрді. Кешенді қирату кезінде көлік жуу кешенінің иелері болмады.