АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Ақтөбедегі сот залында шу шығарған 6 әйел жазаға тартылды Олар судьяның үкім оқуына кедергі жасап, сол жердегі тәртіп сақшыларын жағасынан алған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Сотқа келген бір топ әйел күдіктінің жазаланатынын естігенде, естерінен танып, тіпті, судьяның үкімді оқуына кедергі жасайды. Арасында кейбіреуі ғимарат мүлкін бүлдіреді. Жиналған жүз адам сыртқа күштеп шығарылғанына қарамастан, олар сот алдында наразылық білдіруді жалғастырады. Арнайы жасақ шақыртылып, белсенді болған алты әйел әкімшілік жазаға тартылды.
Қоғамдық орында тәртіптік бұзушылықты тоқтату туралы құқық қорғау органдарының талаптарын ескермей, қарсылық білдіргені үшін Аймағанбетова, Көптілеуова, Омарова, Мустафина, Сатыбалдинова, Күлдееваға қатысты істер қаралып, мамандандырылған сотының қаулыларымен аталған тұлғаларға ескерту түріндегі жаза тағайындалды.