АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. АҚШ журналисі Лилит Маркус Twitter-де арқасына жазу жазып алған ер адамның суретін жариялады.
"Мына фотосуретті кеше дүкенде түсіріп алдым, осы жайт ойымнан кетпей қойды ", — деп жазды редактор.
Суретте ер адам артқа қарап тұр, оның жолдорбасына "Әйеліме бүйрек керек" деген хабарландыру және телефон нөмірі жабыстырылған, деп жазды Сегодня.
Бір аптаның ішінде фотосурет 23 мың аккаунт арқылып тарап, 35 мың лайк жинады.
Суреттегі ер адам Рэймонд Томпсон болып шықты. Әйелі және төрт жасар қызымен бірге Бруклинде тұрады екен. Екі жыл бұрын дәрігерлер оның әйелі бүйрек сырқатына ұшырағанын анықтаған. Томпсон бүкіл әлемнен ондаған адам қоңырау шалып, көмегін ұсынған кезде қатты таңғалғанын жасырмады. Twitter-де тіркелмегендіктен жазба туралы солардан естіген.
Бүйрек табылды, Томпсон енді қаражат жинау үшін жұртқа қол жаймайтынын атап өтті. Отбасы отаға қатысты барлық шығынды медициналық сақтандыру өтейді деп үміттеніп отыр.