Саясат

Трамп КСРО неліктен күйрегенін айтты

Дональд Трамп Ауғанстандағы әскери қақтығыс Кеңес Одағының ыдырауына қалай әсер еткенін түсіндірді
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Кеңес Одағының ыдырау себебін түсіндірді.

Америка басшысының пікірінше, КСРО-ның күйреуіне Ауғанстандағы соғыс себеп болған. 

"Ресей Кеңес Одағы болды. Бұл ел Ауғанстанда соғысып, әбден азып тозған кезде Ресей атанды", — деді Трамп Fox News телеарнасының эфирінде.

​Ол КСРО тәлібтердің террорлық қауіп-қатер төндіруіне байланысты Ауғанстанға әскер кіргізгенін атап өтті.