Шолпан Елгезекова – театр және кино әртісі. 1973 жылы 12 наурызда Алматыда дүниеге келген. 1989 жылы №45 орта мектебін тәмамдап, 1995 жылы Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсті.
Шолпан Елгезекова 2017 жылы "Шабдалы" көркем фильмінде басты рөлді сомдаған. Аталған кинокартина "Асыл арна" телеарнасының төл өнімі.
Бұған қоса, "Жараланған жүректер" (2017 жыл), "Айман-Шолпан", "Анашым, мені қалдырма" телехикаяларында ойнады.
2014 жылы "Ра-Да" атты қуыршақ театрын құрып, өзі жетекшілік етті.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Елгезекова Шолпан (@elgezekova.sh) 30 Сен 2018 в 2:27 PDT
45 жастағы актриса 2018 жылы 29 желтоқсанда Алматыда жол апатынан қаза болды. Жол-көлік оқиғасы Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болған.
Ашық дереккөздерге сүйенсек, марқұмның артында бір қызы қалды.