АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Ресейдің Магнитогорск қаласында қираған үй астынан құтқарушылар 11 айлық сәбиді аман-есен тауып алды.
Қазір бала ауруханада, дәрігерлер қарап, жағдайы туралы айтады.
РИА Новости мәліметінше, іздеу шаралары кезінде кішкентай қыздың жылаған дауысы шығыпты. Сәбидің үнін құтқарушылардың бірі естіп, құтқару операциясын ұйымдастырады. Қызды алып шығуға он шақты ТЖМ қызметкері қатысқан.
Дүйсенбі күні таңғы алтыда Магнитогорскідегі көпқабатты үйде газ жарылды. Оқиға салдарынан он қабатты үйдің подъездерінің бірі құлады. Қирау аумағында 120 адам тұрған екен. ТЖМ мәліметінше, сегіз адам қаза тапты, бесеуі ауруханада жатыр.
Челябі облысы губернаторының тапсырмасымен екінші қаңтарда бүкіл облыста аза тұту күні жарияланды.