Қоғам

Астанада жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді?

Биыл жаңа жыл түні елордада өмірге келген нәрестелер саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда аздау
Sputnik

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Жаңа жыл түні Астананың перзентханаларында 24 сәби дүниеге келді.

Шымкентте көп балалы отбасыда үшем дүниеге келді

Биыл туған ұл мен қыздардың саны тең екен.

"Астанада жаңа жыл түні 24 бала дүниеге келіпті: 12 қыз бен 12 ұл. Сәбилердің жағдайы жақсы", — деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Астанада Жаңа жылда былтыр 57 бала дүниеге келген. 2016 жылы 31 желтоқсаннан қаңтардың біріне қараған түні бас қаламызда 65 нәресте туған.