АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Президент еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде келесі жылы қабылданады деп жоспарланып отырған "Педагогтардың мәртебесі" заңына қатысты пікір білдіріп, алға қойылған мақсаттарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы медицина саласы да ЖІӨ-нің 10% процентін қамтуы тиіс екенін айтып өтті. Бұдан өзге соңғы жылдары халықтың денсаулық жағдайы жақсарып, орташа өмір сүру жасы 73-ке дейін ұзарғанына тоқталды. Сондай-ақ, Американың оқу орындарында білімінің деңгейі жоғары екеніне назар аударды.
"Әлемде барлығы жақсы, керемет деп айта алмаймын. Бірақ қашан да жақсы тәжірибе жинауға тырысуымыз қажет. Финляндия бізге жақсы тәжірибе береді. Бір шетінен ол елде оқушылар барынша еркін болуы керек дейді. Сыныпта отырған 20 оқушының қалағанынша кіріп-шығып жүргенін қабылдай алмаймын. Ұстазбен де жанжалдасып, ауызына келгенін айтып жатады. Бұл нәрсеге бойым үйренбеді. Бірақ Америка оқушылары Ирактың қайда екенін білмесе де, жоғарғы оқу орнында білім сапасы күшті екені сөзсіз", — деді Елбасы.
Тағы оқыңыз: Президент полицияның жаңа образ қалыптастыруы қажет екенін айтты
Президенттің айтуынша, Американың жоғары оқу орындарына әлемнің ең мықтылары ғана шақырту алады.