Қоғам

Назарбаев: Қазақстанда бір отбасы орташа 500 мың теңге табыс табады

Президент отбасы 10 миллион теңгенің пәтерін сатып алатын болса, ай сайын 50 мың теңге төлейтінін айтты
Sputnik

АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ-пен кездесуінде қолжетімді тұрғын үй туралы сұраққа жауап бере отырып, Қазақстанда отбасының орташа табысы 500 мың теңге екенін мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

Назарбаев президент сайлауы қашан өтетінін айтты

"Тұрғын үй салуды ешқашан тоқтатқан емеспіз, сонда да проблеманың жойылатын түрі жоқ. Бір жағынан бұл жақсы – демек, халық көбейіп жатыр, сұраныс артуда. Соңғы жылдары өте көп тартымды шаралар қабылдадық. (…)"7-20-25" бағдарламасы. Бұрын банкте тұрғын үйдің 50%-іне дейін жинау керек болатын, қазір — 20%, мөлшерлеме азаматтар үшін 7% болады, кредит төлеу мерзімі –25 жыл", — деді мемлекет басшысы.

Назарбаев отбасы 10 миллион теңгенің пәтерін сатып алатын болса, ай сайын 50 мың теңге төлеуі тиіс екенін атап өтті. 

"Егер (отбасыда) екі адам Қазақстандағы орташа жалақымен жұмыс істесе, бұл шамамен 500 мың теңге, онда 50 мың теңге деген соншалықты көп ақша емес, оның үстіне ақырын-ақырын төлеп бітіреді", — деп мәлімдеген Назарбаев әдетте отбасыда кем дегенде төрт адам болатынын айта кетті.  

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда орташа айлық жалақы 161,8 мың теңгеге жеткен.