Әлем

Науқас миына ота жасаған кезде дауыстап дұға оқыды - видео

Қатерлі ісік науқастың миының сөйлеу қабілетіне жауап беретін бөлігіне жақын орналасқан
Sputnik

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Үндістан тұрғыны қатерлі ісікті алып тастау үшін миына жасалған ота кезінде дауыстап дұға оқыды, деп хабарлайды The Daily Mail.

Биканер қаласында тұратын Хоулсмал Джангир сөйлеу қабілетінен айырыламын деп қорқып миына ота жасаудан бас тартып келген. Сол себепті аурухана дәрігерлері ер адамды ұйықтатпай, ота жасауға келісіпті.

Ота басталғаннан аяғына дейін үнді азаматы дұға оқумен болды. Бұл дұға адамның бойына керек кезінде күш-жігер жинауы туралы 40 өлеңнен тұрады.

Джангирдің басындағы қатерлі ісік сөйлеу қабілетіне жауап беретін ми бөлігіне жақын болғандықтан, хирургтің болмашы қателігі оны тілінен айыруы мүмкін еді. Абырой болғанда ота сәтті аяқталды. 72 сағаттан соң науқас ауруханадан шығып, үйіне күнделікті тірлігіне оралған.