Қоғам

Астанада "Ақ мешіт" ашылды - фото

Елордада жаңа жыл қарсаңында оныншы мешіт есігін айқара ашты
Sputnik

АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласында "Ақ мешіт" мешітінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы. 

Салтанатты рəсім қасиетті Құран аятымен ашылды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өз сөзінде мешіт – сүйіспеншілік пен бауырмалдықтың, игілік пен ізгіліктің, бірлік пен мейірімділіктің, барша жақсылықтың тоғысқан құтты мекені екенін атап өтті. 

Астанада "Ақ мешіт" ашылды

"Мешіт – Алланың үйі. Адамзат баласының рухани тұрғыдан дамуы мен пенденің тұлабойына адамгершілік құндылықтарды ұялатуда мешіттің орны қашан да маңызды. Қазақ топырағында бой көтерген мешіттердің тәлім мен тағылымның, білім мен ғылымның рухани ордасына айналғаны осының айғағы. Бұл мешіт құлшылықтың ғана ордасы болып қалмай, рухани һәм мәдени-ағарту, қоғамдық келісім мен бірлік пен берекенің ошағына айналады деген сенімдемін", — деді ол. 

Астанада "Ақ мешіт" ашылды

Бас мүфтидің айтуынша, жаңа мешіт, сонымен қатар салт-дәстүріміздің, тағылымға толы тарихымыздың насихатшысы, діни һәм ғылыми жаңалықтардың әрі қайырымдылықтың орталығы болады.

Тағы оқыңыз: 

"Расында, өмірдің тіршіліксіз, ал тіршіліктің құлшылықсыз құны жоқ. Ислам діні тіршілік пен құлшылықты қатар үйлестіріп, өнегелі өмір салтын сабақтастырып, ғұмыр кешуге үндейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің қасиетті хадис-шарифінде: "Алла Тағала мешітті жақсы көрген пендені жақсы көреді", – деген. Тағы бір хадисте айтылғандай, "мешіт салған адам үшін Алла Тағала жәннатта сарай тұрғызады". Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс! Осы ретте мешітті салған азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін", — деді Серікбай қажы. 

Астанада "Ақ мешіт" ашылды

"Ақ мешітте" бір мезетте 1200 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт жанында медресе салынған. Бұл Астанадағы оныншы мешіт болып отыр. 

Бас мүфти бұйрығымен белгілі дін қызметкері Дәурен Мүслімов "Ақ мешіттің" бас имамы қызметіне тағайындалды.

Астанада "Ақ мешіт" ашылды
Астанада "Ақ мешіт" ашылды
Астанада "Ақ мешіт" ашылды