АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Астананың оң жағалауында түстен кейін төтенше оқиға болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үйде тұратын 30 адамды эвакуациялады, олардың ішінде 12 бала бар.
Астанада жатақхана өртенді
© Photo : ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті ұсынған
"15:51-де өрт сөндіру қызметінің пультіне жатақхана ретінде берілген тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келді. Үшінші қабат пен мансарда арасында он шаршы метрді алатын ағаш баспалдақ өртеніпті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады өрт сөндіру қызметі.
Өртті сөндіруге жарты сағат кеткен. Себебі анықталып жатыр.
Қарағандыда базарда жүк көлігі жарылды — видео