Өңірлер

Алматы сейсмологтары жер сілкінісін тіркеді

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Қытайда он километр тереңдікте
Sputnik

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 09.41-де немесе Гринвич бойынша 03.41-де магнитудасы 4.9 жер сілкінісін тіркеді.

Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Сейсмикалық белсенділік ошағы, Қазақстанның білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті экспедициясының мәліметі бойынша, Алматы қаласынан шығысқа қарай 397 километр жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы сейсмологтардың берген бағасы бойынша 11.2 деңгейінде.

Эпицентрінің тереңдігі – 10 километр.

Алматылықтарға жер асты дүмпулері сезілген жоқ.