АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. "Барыс" — "Адмирал" матчында елордалық клуб жеңіске жеткен соң, "Барыс Арена" сарайының мұз айдынына жүздеген қонжық жауды.
Мұз айдынындағы жұмсақ ойыншықтар – 2015 жылдан басталған елордалық хоккей клубының дәстүрі, "қонжықтар жауыны" деп аталады.
"Барыс" клубының өз алаңында жаңа жыл қарсаңында өтетін матчқа көрермендер қонжық ала келіп немесе жұмсақ ойыншықты стадионнан сатып ала алады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от ХК "Барыс" (@barys_official) 24 Дек 2018 в 11:13 PST
Ақтық сирена үні шыққан бойда әр жанкүйер сүйікті ойыншысына қонжық лақтырады.
Бұл көңілді шараға "Барыстың" бас бапкері де қатысыпты.