Өңірлер

Қақаған қыста Каспий теңізіне түскен қазақстандық әйел "Первый канал" жұлдызына айналды

Ерекше хоббиінің арқасында отандасымыз Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал болды
Sputnik

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық Зарина Андрюшина "Первый канал" ресейлік арнасындағы "Видели видео" бағдарламасының кейіпкері болды. 

Рунет қолданушылары мен бағдарлама продюсерлері желіде Зарина Андрюшинаның шомылу киімімен ғана Каспий теңізін кешіп жүргені түсірілген видеоны көріп, тәнті болыпты, деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.

Бұл бағдарламаның Первый канал эфиріне қашан шығатыны белгісіз.

Қазақстандық әйел мұздай суға шомылумен екі жылдан бері айналысып келеді, бұл әуестігі оған кей дертінен арылуға көмектесіпті.