Өңірлер

- 40 градус. Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

25-27 желтоқсанға ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

"Отыз бес градус аяз" Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
"25 желтоқсаннан бастап күн баяу ұзарады, ал Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облысына қатты аяз әкеледі", — деп хабарлайды синоптиктер.

Солтүстік орталық және шығыс облыстарда түнгі температура минус 32…37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейеді. 

Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30° дейін аяз болады.

Тек батыста Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын циклонның ықпалынан жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады, күндіз температура 0-5° аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5° жылыға дейін жоғарылайды. 

Тағы оқыңыз: