Оқиға

Батыс Қазақстандағы жантүршігерлік қылмыс: ер адам үш ауылдасын өлтіріп, өртеп жіберген

Үш ауылдасын өлтірді деген ер адам ізін суытпай ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы полицейлері үш ауылдасын өлтіріп, өртемек болған Федоровка тұрғынын ұстады.

Қылмыс 21 желтоқсанда Теректі ауданы Федеровка ауылында болған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Нарындағы жантүршігерлік қылмыс: әйел мен екі немересін аяусыз өлтіріп кетті

Жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар бойынша келіп жеткен өрт сөндірушілер үш адамның денесін тапқан – 63 және 68 жастағы екі әйел мен 50 жастағы ер адам.

Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы мәйіттерді тексеріп, үшеуі де кісі қолынан ажал құшқанын, содан соң күдікті үйді өртегенін анықтады.

"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 45 жастағы ер адам ізін суытпай ұсталды", — деп хабарлады полиция баспасөз қызметі.

Ұсталған адам да Федоровка ауылы тұрғыны. 

Ведомство атап өткендей, WhatsApp желісінде тәртіп сақшысының атынан жазылған осы күдіктілерді іздеу туралы тараған ақпарат жалған, себебі істің жалғыз фигуранты іле-шала ұсталған.