Видео

Турист екі қоңыр аюдың айқасын видеоға түсіріп алды

Финляндияның ормандарын аралап жүрген турист әрі саяхатшы Даниэль Лудин екі қоңыр аюдың айқасына кездейсоқ куә болды. Сұсты жануарлардың төбелесін ол видеоға түсіріп алды
Sputnik

Роликтен жабайы жануарлар алдымен бір-біріне баяу жақындап, айнала жүріп, әрқайсы өз аумағын көрсеткен секілді ишара білдіреді, содан кейін қатты ақырады да, шайқасқа кіреді.

Олар бір-біріне табанымен қуатты соққылар жасап, өткір азуымен шайнасады.

Дегенмен, видео авторы қоңыр аюлардың айқасы немен аяқталғанын хабарламайды.