Мәдениет

Димаш Құдайберген Қытайда басты жаңа жыл шоуының түсіріліміне қатысты

Қазақстандық әнші қытайдың "I am Singer" шоуына қатысқаннан кейін бүкіл әлемге танылды
Sputnik

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Дүниежүзіне танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында жаңа жыл шоуының түсіріліміне қатысты.

Димаштың фотосуреттері тыңдармандарын бей-жай қалдырмады. Аз уақыт ішінде Құбайбергеннің жазбасына 34 мың лайк басылып, 700-ден астам пікір жазылды.  

Сондай-ақ сенбі күні Димаш Құдайбергеннің YouTube-тегі арнасында қытай тіліндегі жаңа The Meaning of Eternity композициясының видеосы жарияланды.