АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Индонезияның Танджунг-Лесунг қаласында концерт кезінде музыканттарды цунами шайып кетті, хабарлайды TribunJakarta.com.
Оқиға Seventeen тобының концерті кезінде болған. Желіде тарап кеткен видеодан жағалауда орнатылған сахнада өнер көрсетіп жатқан музыканттарды кенет су шайып кеткенін көруге болады.
Басылымның хабарлауынша, топтың көшбасшысы Дилан Сахара із-түзсіз жоғалып кеткен.
Сенбі Индонезияның батыс жағалауы цунамидің астында қалды. Соңғы мәліметтер бойынша 62 адам қаза тауып, 584 адам зардап шеккен. 20 адам із-түзсіз жоғалды. Жүздеген ғимараттың күл-талқаны шықты.