Өңірлер

"Күн ашық әрі қатты аяз". 22 желтоқсанға ауа райы болжамы

Еліміздің алты облысында дабылды ескерту жарияланған
Sputnik

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болады. Кей жерде тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран, жел.

Жел, қар және тұман

Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерде тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-23 м/с.

Гамаш, гамаш: Қазақстандағы қатты аяз туралы әзіл ән желіні жарды - видео

Қызылорда облысында кей жерде тұман түседі, төменнен соққан боран болып, түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман, күндіз — төменнен соққан боран. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман.

Алматы облысында кей жерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с.

Ақтөбе облысындағы кей ауданда желдің екпіні 15 м/с.

Дабылды ескерту

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерінде қатты аяз болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола облысында ауа температуасы 30-33 градус аяз болса, Қарағанды облысында 32-35 градус аяз, ал Шығыс Қазақстан облысында – 33-38 градус аяз.

"Тұман мен көктайғақ". Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер 90-95% ықтималдықпен болжағандай, Қостанай облысында қалың тұман түсуі мүмкін, Қызылорда облысында — жел, көктайғақ, Түркістан облысында — төменнен соққан боран мен көктайғақ.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте 22 желтоқсанда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз, ауа температурасы екі градус жылы, түнде минус үш градус.

Алматыда бүгін күн ашық, күндіз екі градус суық, түнде тоғыз градус аяз.

Елордамызда да күн ашық әрі қатты аяз болады — түнде температура минус 32 градус, күндіз сынап бағанасы 29 градусқа төмендейді.