Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 желтоқсан

Бұл - Григориан күнтізбесіндегі 356-шы күн. Жыл соңына дейін 9 күн бар.
Sputnik

22 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

22 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – энергетиктердің кәсіби мерекесі. Бұл мейрамды энергетика саласына қатысы бар адамдардың бәрі тойлайды: Жылу электр орталығының, гидрогенерациялық компаниялардың, атом станцияларының қызметкерлері, инженерлер, монтаждаушылар, жөндеушілер, қызмет көрсетуші және көмекші қызметкерлер, мұғалімдер, студенттер, бейінді білім мекемесінің түлектері, негізінен энергия өндірісіне бейімделген елді мекендер тұрғындары.

Сонымен қатар, бүгін – Ресей хоккейінің күні. Шайбалы хоккей – Ресейде ең танымал командалық ойындардың бірі. Сонау 1946 жылы 22 желтоқсанда КСРО-ның хоккейден бірінші чемпионаты өтті. Турнир бастапқы ойындар мен финалдық жарыстан тұрды. Сегіз қалада матчтар өтіп, ал финал Мәскеуде "Динамо" стадионының мұз айдынында болған. КСРО кезінен келе жатқан бапкерлер мен ойыншылардың арқасында ресейлік хоккей командалары мықты болып саналады, дегенмен хоккей шеберлерінің басым көпшілігі 90-шы жылдардағы елдегі тұрақсыздықтың кесірінен шетелге көшіп кеткен болатын. Ресей құрамасы алғаш рет 1993 жылы 57-ші әлем чемпионатында бірінші орын алады, содан кейін ұзақ уақыт бойы бұл жетістігін қайталай алмады. 15 жылдан соң ғана Канада құрамасын жеңіп, тағы да әлем чемпионы атанған. Бір жылдан кейін ресейліктер кезекті алтынды олжалады. Қазір де Ресейдің шайбалы хоккей құрамасы – бес дүркін әлем чемпионы.

Бұдан бөлек, бүгін жылдағы ең қысқа күн әрі ең ұзақ түн болмақ.

22 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1857 жылы Ресейде алғашқы пошта маркасы пайда болды;

1917 жылы АҚШ-тың Конгресі елде "құрғақ заң" енгізді;

1990 жылы Ресей Федерациясының Зейнетақы қоры құрылды;

2007 жылы алғашқы африкалық жасанды Жер серігі ұшырылды.

22 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен қорғанысы туралы" заң қабылданды;

2000 жылы "Айгөлек" балалар журналының алғашқы саны жарық көрді;

2008 жылы Қызылордада ТМД елдеріндегі бірегей күріш кеспесін өндіретін зауыт ашылды.

22 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1903 жылы америкалық нейрофизиолог Холден Хартлайн дүниеге келді. Физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығы иегері. Көз алмасындағы бастапқы физиологиялық және химиялық көру процестері туралы жаңалық ашқан;

1936 жылы америкалық актер Гектор Элизондо дүниеге келді (фильмдері "Коломбо", "Сұлу қыз", "Отбасын жалдау");

1937 жылы кеңестік және ресейлік жазушы, сценарист, балалар кітаптарының авторы  Эдуард Успенский дүниеге келді;

1962 жылы британ актері, режиссер, "Оскар" сыйлығының екі дүркін иегері Рэйф Файнс дүниеге келді (фильмдерң "Шиндлер тізімі", "Гарри Поттер", "Ағылшын науқас", "Брюггте тұңғиыққа кету").

22 желтоқсанда Қазақстанда кім туған

1803 жылы күйші Бисенбі Дөненбайұлы дүниеге келді;

1859 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Бақтыгерей Құлманов дүниеге келді;

1954 жылы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің директоры Алла Сейітова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Бүгін өте белсенді әрі қуанышқа толы күн болады, бақытқа бөленіп, қайталанбас сәттерді бастап кешесіз. Шығармашыл адам болсаңыз, ерекше шабыттанып, керемет өнер туындысын шығаруға болады.