АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Соңғы уақытта әншілер репертуарларының саналуандығымен ғана емес, образдарын жиі өзгертуден жарысып жүр. Әсіресе, жас буын шаш түсін өзгертіп, look таңдауда барынша батылдық көрсетуде. Олай болса, Sputnik Қазақстан назарларыңызға 2018 жылы жұрттың есінде қалып, ең көп талқыға түскен жұлдыздар образын ұсынады.
Қазақ шоу бизнесінде әртүрлі стильде киініп, шаш үлгісін жиі өзгертетін жұлдыздар арасында Кәмшат Жолдыбаева көш бастап тұр. Биыл 30 жас мерейтойын атап өткен әнші дене бітімінің артықшылықтарын айшықтайтын киімдер киюден қорықпайды. Әр концерт пен түсірілімге дерлік жаңа образ әзірлеп отырады. Look таңдау мәселесіне келгенде туған сіңлісі "Джейран" тобының солисі Алтынай Жолдыбаева мен кәсіби мамандар көмегіне жүгінеді.