Мемлекет басшысы мамандығы қажетсіз болып қалған адамдарға ақыл-кеңесін берді. Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында видеодан үзінді жариялады.
"Ең өзекті мәселе – дамыған 30 елдің қатарына ену. 30 дамыған елде не болып жатыр? Онда адамдар қалай өмір сүреді, біз қандай болуға тиіспіз? Бүгінде цифрландыру, роботтандыру жүріп жатыр… Таяу уақытта 500 мамандық жойылады. Қолымыздан келетін нәрсе қажетсіз болып қалатынын білсек, басқа мамандықты игеру керек. Қорқынышты ештеңе жоқ", — деді Назарбаев.
Ең бастысы, президенттің айтуынша, қазіргі заманға бейімделіп, тиісті білімді ала білу қажет.