Аумағы 60 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерде тұратын бір отбасы орташа есеппен төмендетілген тариф бойынша келесідегідей ақша төлейді:
- Алматыда: қазір — 14 483 теңге (39 доллар), 2019 жылдан бастап — 13 128 теңге (35 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 9 700 теңге (26 доллар);
- Астанада: қазір — 10 666 теңге (28 доллар), 2019 жылдан бастап — 9 604 теңге (25 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 9 000 теңге (24 доллар);
- Шымкентте: қазір — 13 788 теңге (37 доллар), 2019 жылдан бастап — 12 447 теңге (33 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 10 000 теңге (27 доллар);
- Актөбеде: қазір — 11 405 теңге (30 доллар), 2019 жылдан бастап — 10 336 теңге (27 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 9 000 теңге (24 доллар);
- Өскенменде: қазір — 6 654 теңге (18 доллар), 2019 жылдан бастап — 6 341 теңге (17 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 3 000 теңге (8 доллар);
- Таразда: қазір — 10 471 теңге (28 доллар), 2019 жылдан бастап — 9 665 теңге (26 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 5 500 теңге (14 доллар);
- Оралда: қазір — 10 910 теңге (29 доллар), 2019 жылдан бастап 9 875 теңге (26 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 8 600 теңге (23 доллар);
- Қызылордада: қазір — 9 153 теңге (24 доллар), 2019 жылдан бастап — 8 288 теңге (22 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 7 000 теңге (18 доллар);
- Петропавлда: қазір — 10 857 теңге (29 доллар), 2019 жылдан бастап — 10 474 теңге (28 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 4 000 теңге (11 доллар).
Жылу тарифінің арзандауы:
- Ақмола облысы — 36,8% (бір шаршы үшін 116,1-ден 73,4 теңгеге дейін);
- Солтүстік Қазақстан облысында — 1,1% (бір шаршы үшін 114,7-тен 113,4 теңгеге дейін);
- Шығыс Қазақстан облысында — 2,8% (бір шаршы үшін 70,1-ден 68,2 теңгеге дейін);
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған 14 өңірде де арзандату жоспарланып отыр: Қарағанды облысында 2,2%-тен бастап, Түркістан облысында 15,3%-ке дейін арзандайтын болады.
Су тарифінің арзандауы:
- Жамбыл облысында — 22% (52,3-тен бастап 40,8 теңгеге дейін);
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа 16 өңірде 3%-тен 22,7%-ке дейін арзандайды.
Жарық тарифінің арзандауы:
- Жамбыл облысында — 3,6% (13,35-тен бастап 12,86 теңгеге дейін);
- Қызылорда облысында — 4% (14,51-ден бастап 13,93 теңгеге дейін);
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзге өңірлерде арзандайды.