АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Алматыда жүріп келе жатып, өртене бастаған автобустың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Автобустың арт жағы отқа оранғанда Абай мен Абылайхан көшелерінің қиылысында тоқтап, ішінен жолаушылар қашып шыға бастады.
Оқиға куәгері автобустың жана бастаған сәтін алматылық Instagram топтардың бірінде жариялаған екен.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Алматы | Almaty 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) 19 Дек 2018 в 8:02 PST
Бір сағат ішінде видеоны 14 мыңнан астам адам тамашалады.
Өзбектер өртеніп кеткен автобустың иесі қолға түсті
Желі қолданушылары жолаушылар автобустан жанталаса шығып жатқанда, жүргізуші өртті сөндіру үшін ешқандай әрекет жасамады деп ашуланды.