Оқиға

Алматыда көлік айдап әкеткен қос ұры өлім аузынан қалды - фото

Жүргізуші мен жолаушы ауыр халде ауруханаға түсті
Sputnik

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Алматыда Төле би және Әуезов көшелері қиылысында жол апаты болды.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Opel Corsa Төле би бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Кенет, неге екені белгісіз, жүргізуші рөлге ие бола алмай, трамвай жолына шығып кетеді. Салдарынан көлік бір жаққа ығысып, бар жылдамдығымен бағдаршам бағанасына соғылды. Қатты соққыдан көліктің күл-талқаны шықты.

1 / 2
Алматыда ұрланған көлік жол апаты ұшырады
2 / 2
Алматыда ұрланған көлік жол апаты ұшырады

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – жүргізуші мен жолаушы. Екеуі де ауыр халде ауруханаға жатқызылған.

Кейінірек анықталғандай, бұл көлік Қожамқұлов, 130 мекенжайынан ұрланыпты. Оқиға орнында жол полициясы мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Жедел топ көлік ұрлаудың мән-жайын анықтайды.