Өңірлер

"Байқамадым" Шымкентте жүргізуші әйелді қағып, 200 метрге сүйреп әкеткен

Көлік астына түскен 1973 жылғы әйел комада жатыр
Sputnik

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Ер адам көліктің астына қысылып қалған жаяу жүргіншіні байқамаған, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Жантүршігерлік апат: жол жиегінде тұрған балалы әйел бір ажалдан қалды – видео
Жантүршігерлік жол апаты 17 желтоқсанға қараған түні Шымкенттегі Тәшенов көшесінде болды. 

Mercedes жүргізушісінің айтуынша, ол қатты жылдамдықпен келе жатып, жолдан біреудің өткенін байқамаған. Тек 200 метр жүрген соң ғана, көліктің қозғалысына бір нәрсе кедергі келтіріп отырғанын сезген. Тоқтап, екі жолаушымен бірге машинаны домкраттың көмегімен көтеріңкіреп, қысылып қалған әйелді алып шыққан. 

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1973 жылғы әйелді ауруханаға жеткізіп, оған шұғыл ота жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, әйел комада жатыр. 

Полицейлер оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын және оған кім кінәлі екенін анықтауға кірісті.