Қоғам

Астана әуежайында 10 рейс кешігіп жатыр

Әуежайдың анықтама қызметі рейстердің кешігуі ауа райымен байланысты емес екенін хабарлады
Sputnik

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайында он рейс кешігіп жатыр. Бұл жайында әуе айлағының сайтында хабарланған. 

Мәскеу – Қызылорда бағытында жаңа рейс ашылады
Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, Варшавадан LOT, Алматы мен Жезқазғаннан Qazaq Air, Шымкент пен Ереваннан SCAT Airlines рейстері кешігіп жатыр. Сондай-ақ, Астанадан Шымкентке, Алматы мен Жезқазғанға ұшып шығатын әуе рейстері де уақытынан кешігуде. 

Синоптиктердің мәліметінше, қазір Астанада күн бұлтты, тұман, аздап қар жауып тұр. Әуежайдың анықтама қызметінен атап өткендей, рейстердің кешігуі ауа райымен байланысты емес. Қазіргі таңда әуежай штатты режимде жұмыс істеп тұр. 

Айта кетсек, 15-19 желтоқсан аралығында Қазақстанның басым аумағында қар жауып, бұрқасындатып, жел тұрады. Көктайғақ пен тұман болады. Желтоқсанның соңғы он күндігінде бірқатар облыста күн суытады.