Мәдениет

VII "Алтын домбыра" кімге бұйырды?

Республикалық ақындар айтысы елорданың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне арналды
Sputnik

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Астанада өткен "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысында батысқазақстандық Жансая Мусина бас жүлдені иеленді. 

"Алтын домбыра" Мұхтар Ниязовқа бұйырды
Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен айтыс елорданың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік мерекесіне арналды. Екі күнге созылған "Алтын домбыра" айтысы биыл жетінші рет өткізіліп отыр. 

Оған Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған, Ершат Қайболдин сияқты мықты ақындар қатысты, деп хабарлайды zhaikpress.kz.

Батыс Қазақстан облысының атынан қатысқан, Ақжайықтың арқалы ақыны Жансая Мусина бас жүлде алып, 5 миллион теңге иеленді.