Қоғам

Бұрқасын және көктайғақ: Ертең Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбі күні республиканың басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады
Sputnik

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы тәуліктерде Астана мен Ақмола облысында бұрқасындатып, қатты жел тұратынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ертең Қазақстанның үш мегаполисінде ауа райы қандай болады?

  • Астанада күн бұлтты, аздаған қар жауады, жел, ауа температурасы – 9…-10°C;
  • Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, сынап бағанасы — 3…-5°C көрсетеді;
  • Шымкентте де күн бұлтты, қар жауады, ауа температурасы – 0…-2°C

Басқа өңірлердегі ауа райына болжам

Республика аумағында ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар облыста жауын-шашын түседі, тек солтүстік-батыста күн ашық. 

Тағы оқыңыз: 

Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді деп болжанып отыр. 

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында – тұман, Алматы облысында – көктайғақ, Қарағанды облысында күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с дейін жетеді.