АСТАНА, 17 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандықтардың тамақ пен бос уақытына қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды.
Еуропа елдері, Ресей, Қазақстан мен Түркия тұрғындарының шығысының құрылымына РИА Рейтинг агенттігі зерттеу жүргізген.
Люксембург тұрғындары тамаққа ең аз ақша жұмсайтыны анықталды. Азық-түлік сатып алуға олар 8,7% ғана жұмсайды. Екінші орында Ұлыбритания, бұл көрсеткіш оларда 10%, ал үшінші орында 10,6%-бен Нидерланды тұр. Ирландия, Финляндия, Австрия, Норвегия мен Швейцария тұрғындары азық-түлікке шығыс ақшасының 12%-ын бөледі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ресейліктер тамаққа ақшасының 31,2%-ын, украиндар 50,9%-ын жұмсаған.
Зерттеу жүргізген мамандар ұлттық статистикалық қызметтер мен Халықаралық валюта қорының мәліметтеріне сүйенген. Олардың айтуынша, тұрғындардың жалпы шығысының ішінде тамаққа бөлінген қаржының аз болуы отбасылардың өмір деңгейі жоғары екенін көрсетеді.
Ресейліктердің мейрамханалар мен қонақүйлерге бөлетін шығыны шамамен 3,3%, қазақстандықтар да осы көлемде жұмсайды.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, мәдениет пен бос уақытқа ең көп ақша жұмсайтындар Швеция (18,7%), Ұлыбритания (13%) мен Австрияда (11,5%) тұрады. Қазақстанда бұл көрсеткіш — 1,9 %.