Әлем

Ұлының еміне жиналған қаржыдан көз жазып қалған әйел қайтыс болды

8 жасар Ақылбек бауыр циррозына шалдыққан, екі жыл бұрын анасы оны емдету үшін жұрттан көмек сұраған
Sputnik

АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Қырғызстанда науқас ұлының еміне жиналған қаржыны ұрлатып алған әйелдің қан қысымы көтеріліп кетіп, көз жұмды. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды. 

8 жасар Ақылбек бауыр циррозына шалдыққан. 2016 жылы анасы Дилара Чимчикеева оның бауырын ауыстыруға қажетті ақшаны іздеп, БАҚ арқылы елден көмек сұраған.   

Астанада белгісіз біреу науқас қыздың еміне жиналған ақшаны ұрлап кетті – видео

Ақылдың еміне "Руки добра" қоғамдық қоры бес жыл бойы көмектесіп келіпті. Қор басшысы Алена Конореваның айтуынша, бала дәрігерлердің тұрақты бақылауында болуы қажет. 

"Баланың жағдайы өте ауыр болды. Тамақ ішпейтін, жүрмейтін, төсек тартып жатқан. Дәрігерлер бауыры толығымен зақымданған деген диагноз қойды. Біраз уақыттан кейін жақсы маман кездесіп, жарты жылдан кейін нәтиже бере бастады", — дейді Конорева.

Оның айтуынша, бүгінде Ақыл бауырын ауыстыруға мұқтаж емес, алайда бауырдың жұмысын жақсарту үшін тұрақты ем қабылдап отыруы керек, ал оған көп ақша кетеді.  

Ақылды анасының туған сіңлісі Шынар Айталиева тәрбиелеп отыр, ал баланың 19 жастағы ағасы емге қажетті қаржыны табу үшін Ресейге кеткен.

Айталиеваның айтуынша, бірнеше ай бұрын әпкесі Дилара Чимчикеевның үйіне ұры түсіп, Ақылдың еміне жиналған бар ақшаны алып кеткен.  

"Әпкем қатты уайымдады. Бір күні қан қысымы қатты көтеріліп кетіп, қайтыс болды", — деп еске алды Шынар.

Ол Дилара ұлдарын жалғыз тәрбиелегенін айта кетті, күйеуімен ажырасып кеткен.