Өңірлер

"Қатты жел мен бұрқасын". Ертең ауа райы қандай болады?

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, тұман, көктайғақ болады
Sputnik

АСТАНА, 17 желтоқсан — Sputnik. Ертең атмосфералық циклонның өтуіне байланысты республика бойынша барлық жерде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Синоптиктер Тәуелсіздік күні ауа райы қандай болатынын айтты
Жамбыл облысының кей жерінде жел күшейеді, екпіні 23-28, кей жерде 30 м/с болады, тұман, көктайғақ болжанған.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. 

Алматы облысының кей жерінде желдің күші 15-20, Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23 м/с, тұман, көктайғақ болады. 

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанып отыр.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ болады.