Қоғам

"Ғалам аруы-2018: қазақстандық қыз туралы не білеміз?

"Ғалам аруы-2018" тәжіне үміткер қыз бокспен шұғылданып, би билейді
Sputnik

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Таиландта "Ғалам-2018" байқауы өтіп жатыр. Ертең ең әдемі бойжеткеннің есімі белгілі болмақ. Аталған байқауда Қазақстанның намысын 18 жастағы Сабина Әзімбаева қорғап жүр. 

Бойжеткен 2000 жылдың 14 ақпанында Алматыда дүниеге келген. Ұлты –ұйғыр. Тұран колледжін "аудармашы-гид" мамандығы бойынша тәмамдаған. Отандасымыз бокспен айналысады, мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрында би билейді. 

"Ғалам аруына" қатысып жатқан Сабина Әзімбаева

Жас болса да, Сабина түрлі сұлулық байқауларында бақ сынап үлгерген. Ең ірі жеңістердің арасынан өткен жылғы "Алматы аруын" атауға болады, "Қазақстан аруы" конкурсында бойжеткен бесінші орын иеленді. 

Қазір Әзімбаева Алматыдағы халықаралық бизнес университетінде "туризм" мамандығы бойынша білім алып жатыр. 

Отбасында үш ағайынды. Қазақстандық ару 85 жастағы әжесі Тудухан Әзімбаеваны мақтан тұтады. Оның айтуынша, кез келген әйел, қай жаста болмасын, мейірімділік пен ақкөңілділікті сақтай білуі керек. Сондай-ақ, оның пікірінше, отбасылық құндылықтар өте маңызды. Болашақта Сабина өмірлік махаббатын кездестіріп, көп балалы ана болуды армандайды. 

Сабина Әзімбаева

"Ғалам аруы" байқауында отандасымыз ұлттық костюммен, кешкі көйлекпен және шомылу киімімен жүріп өтті. 

Сұлулық байқауының финалы Бангкокта 16 желтоқсанда өтеді.