АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Миллиондаған тыңдарманын тәнті еткен танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мәскеуде жеке концерт береді.
Дарынды әншінің жеке кеші 2019 жылы Ұлыстың ұлы күні – 22 наурызда Мәскеудегі Кремль сарайында өтпек. Ол бұл туралы Instagram желісінде хабарлады.
"Мәскеу. Мемлекеттік Кремль сарайы, Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурызда жеке кешімде көріскенше!", - деп жазды Димаш.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) 14 Дек 2018 в 9:19 PST
Естеріңізге сала кетсек, биыл Димаш Құдайберген Ресейде бірнеше рет ән шырқап, жұртшылықты аузына қаратқан болатын. Әуелі "Новая волна" байқауына құрметті қонақ ретінде шақырылса, кейінірек Кремльдегі концертте ресейлік композитор Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнін орындады. Содан кейін "Песня года" концертінде тағы сол туындыны орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Димаш Құдайберген Кремль сахнасында ән шырқады - толық видеосы
Ал биылғы жылы 19 қарашада талантты әншінің Лондонда жеке концерті өткен болатын.
Димаш Құдайбергеннің Лондондағы қайталанбас шоуы қалай өтті?
Бұдан бұрын Димаштың өзі хабарлағандай, алдағы жылы Американың төрінде ән шырқамақ. Жас әншіні Игорь Крутой Бруклинде өтететін шығармашылық кешіне арнайы шақырыпты.