АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кино әртісі Самал Еслямоваға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Игі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада елге еңбегі сіңген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Президенттің қолынан марапат алғандар қатарында кино актрисасы Самал Еслямова да бар. Ол "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды.
Сондай-ақ, бұл атақ "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консеваториясы" РММ аға оқытушысы Ян Рудковскийге берілді.
Салтанатты жиыннан кейін журналистер Самал Еслямовадан марапаттау кезінде президентке не деп айтқанын сұрады.
Самал Еслямованың "Айка" фильмі Германияда бас жүлдені жеңіп алды
"Мен оны бала кезімнен көруді армандағанымды айттым. Елбасы маған осындай жоғары награда табыстайды деп күткен жоқпын. Бүгін мен үшін тарихи күн. Армандар орындалады, тек дұрыс армандай білу керек", — деді актриса.