Синоптиктер елордалық тұрғындарды қуантқан әдемі көріністі желтоқсандағы әдеттегі құбылыс деп атады.
Демалыс күндері қарсаңында қалың тұман, болмашы аяз бен аздаған қар мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай биыл төрт күн демалады.
Синоптиктер желтоқсанға ауа райы болжамын жасады
Қазақстан Тәуелсіздігі күні 16-17 желтоқсанда аталып өтеді. Осы күндердің бірі жексенбіге түсетіндіктен, сейсенбі, 18 желтоқсан күні де демалыс болады.