АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Астананың оң жағалауында жаппай жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан 9 жеңіл көлік пен бір жолаушылар автобусы бүлінді.
Ірі апат Кенесары көшесінде болды. 53 жастағы "Chevrolet" жүргізушісі көлік жүргізіп келе жатқанда денсаулығы сыр беріп, салдарынан сегіз автокөлікке және № 9 бағдардағы автобусқа соқтысқан.
"Апат салдарынан жүргізушінің өзі зардап шекті. Сондай-ақ Mazda автокөлігінің жолаушысына медициналық көмек көрсетілді, дәрігерлер оған денесін ауыртып алған деген диагноз қойды, ол үйіне жіберілді"- деді Sputnik Қазақстан тілшісіне елордалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы жүргізуші жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын атап өтті.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.