Әлем

Жапондар 2020 жылы аспаннан "жұлдыз" жаудырады

Әлемдегі алғашқы жасанды "жұлдыз жауынын" жапон халқы 2020 жылы тамашалай алады
Sputnik

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Жапония келесі жылы қаңтарда спутник ұшырып, соның көмегімен әлемде ең бірінші жасанды "жұлдызды жаңбыр" жаудырмақ, деп хабарлайды РИА Новости.

Аспаннан жұлдыз жауған түн: таңғажайып құбылыстың кадрлары

Осы жобаны қолға алған токиолық ALE компаниясының хабарламасында айтылғандай, спутникті "Эпсилон-4" зымыран тасығышымен орбитаға шығару жоспарланған, ал "жұлдызды жаңбырды" 2020 жылы Хиросима қаласы төңірегінде 200 километр қашықтыққа дейінгі алты миллион халық тамашалай алады.

Спутникке 400 металл шар жүктеліп, олар атмосфераның қалың қабаттарына енгенде жерден 60 километр биіктікте жана бастайды, бұл құбылыс метеорлар эффектісімен бірдей болмақ. Әр шардың диаметрі бір сантиметрден аспайды.

Спутниктің өзі Жерден 400 километр қашықтықта болады.

ALE компаниясы айтып сендіргендей, жасанды "жұлдызды жауын" салдарынан қоршаған ортаға ешқандай зиян келмейді.