АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Анкарада жүрдек пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан бастапқы деректер бойынша төрт адам қаза тауып, 43 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
Түрік телеарналарының мәліметі бойынша, апат салдарынан көптеген жолаушы зардап шеккен. Әзірге 43 адам туралы хабарланды. Соңғы деректер бойынша, тағы төртеуі қаза тапқан.
Алайда, зардап шеккендер мен құрбандар саны артуы мүмкін екен. Жедел жәрдем көліктері оқиға орнында кезекшілікте тұр.
Сонымен бірге, жол апаты болған жерге барлық жедел және құтқару қызметтері жіберіліп, олар оқиғаның себебін анықтауы тиіс.
Кей деректер бойынша, жүрдек пойыз қала маңында қатынайтын пойызбен соқтығысқан болуы мүмкін.