Әлем

Ер адамның аяқ астынан байып кетуіне автобустан кешігуі себеп болды

58 жастағы америкалық күндегі әдетін өзгертіп, басқа бір дүкеннен лотерея сатып алған
Sputnik

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың Балтимор қаласында тұратын Кевин Фенвик балаларының мектеп автобусынан кешігіп қалуының арқасында джекпот ұтып алды.

Қарағандылық инженер лотереядан 24 млн теңге ұтып алды

58 жастағы Фенвик үнемі бір дүкеннен лездік лотерея билеттерін сатып алып жүреді, алайда бір күні балалары мектеп автобусына кешігіп қалғандықтан, күндегі әдетін өзгертуге мәжбүр болады. Ер адам басқа бір дүңгіршек тауып, бес долларға билет сатып алған. Ол лотереяның қорғаныс қабатын өшіріп, 50 мың доллар ұтып алғанын көреді, деп жазды Сегодня.

"Өз көзіме өзім сенбедім! Билетті жүріп те, тұрып та қарадым. Бірақ "50 мың доллар"деген жазу көз алдымнан кетпеді", — деді ол. 

Бұған дейін АҚШ-тың Нью-Джерси штатында тұратын 47 жастағы Ричард Уол Mega Millions лотереясынан 533 миллион доллар ұтып алған болатын. Осылайша, Уол Нью-Джерси штатының тарихындағы ең қомақты джекпотты иеленді.