АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік аймағынан атмсофералық фронттармен қатар циклон жылжиды. Республика территориясы арқылы осы циклонның батыстан шығысқа жылжуы кезінде қар, оңтүстікте жаңбыр, жабысқақ қар, тұман, көктайғақ болады және ауа температурасы жоғарылаййды.
Күндізгі температура оңтүстік және оңтүстік-шығыста плюс 3…13°С градусқа дейін, солтүстік және шығыс облыстарда минус 3…13°С градусқа дейін жоғарылайды, бұл климаттық нормадан 2…4°С градусқа жоғары.