Жүзден аса арулар көздің жауын алатын көйлектер киіп, жүздері бал-бұл жанып, "Әлем аруы-2018" конкурсының ақтық шоуында сахна төріне шықты. Бірақ жауһар тастармен көмкерілген тәж миллиондаған адамның жүрегін жаулаған жалғыз аруға тиесілі.
"Ғалам аруы" байқауында қазақ қызы салмағы 30 келі костюм киіп шықты — видео
Сұлулық патшайымы атағын Мексика елінің өкілі Ванесса Понсе де Леон иеленді. Қыздың жасы 26-да, әйелдерге арналған реабилитация орталықтары желісінде жұмыс істейді, суға сүңгу және бейнелеу өнерімен әуестенеді.
Сұлулық байқауында танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергенов қазақ тілінде ән шырқады.
"Әлем аруы" шоуының ең айшықты сәттерін Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.